Жол апатынан тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды CMN.KZ
Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 қаңтар күні «Көшкентал – Қапал» тас жолының төртінші шақырымында болған.
«Алдын ала дерек бойынша Toyota Avalon мен Toyota Camry көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жолаушы әртүрлі дәрежедегі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз