Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде жұбайы Толқын Тұрарбекқызымен бірге түсірілген жаңа видеосын жариялады, деп хабарлайды CMN.KZ
Бейнежазбада ерлі-зайыпты бірге уақыт өткізіп, жылы сәттерімен бөліседі. Көпшілік Толқынның іші байқалатынын айтып, оның жетінші баласына жүкті болуы мүмкін деген болжам жасады.
Әнші видеоны өзінің «Senem sagan» әнімен сүйемелдеген. Көпшілік бұл туындыны жұбайына арнаған деп қабылдады.
Желі қолданушылары жаңалықты қызу талқылап, отбасыға ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. Кейбірі олардың көпбалалы отбасы ретінде «рекорд» орнатуы мүмкін екенін де атап өткен.
Талқылауға әншінің әпкесі Дина Төреәлі де қосылды. Ол нақты жауап бермегенімен, көпшілік оның пікірін жанама түрде растау ретінде қабылдады.
«Балаларды санамаңдар. Барлығы аман-есен болсын», – деп жазды ол.
Әзірге жүктілік туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ, алайда тыңдармандар бұл тақырыпты белсенді түрде талқылауын жалғастырып жатыр.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз