Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан спортшыларының әлемдік аренадағы жетістіктерінің төмендігін спорт саласындағы жемқорлықпен байланыстырып отыр, деп хабарлайды CMN.KZ.
Соңғы алты жылда спортты дамытуға 1,4 трлн теңге бөлінгеніне қарамастан, спортта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізу мүмкін болмады. Агенттік мәліметтері бойынша, жүйелі жемқорлық, мемлекеттік қаржыны тиімсіз пайдалану және спорттың басымдықтарын дұрыс айқындамау отандық спорттың дамуына кедергі келтіріп отыр. Әсіресе, бұқаралық спортты қолдау мәселелері назардан тыс қалған.
Басымдық спортқа емес, шетелдік спортшыларға берілуде
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында 126 шетелдік спортшыны сатып алған. Алайда, олардың жартысы өз еліне қайтып кеткен. Бұл жүйенің тиімсіздігі спортшыларды сатып алуға бағытталған қаржының орынсыз екенін көрсетеді. Бұған қоса, бұқаралық спортқа бөлінген қаражат спорттың жоғарғы жетістіктеріне жұмсалған қаржыдан 9 есе аз.
Шетелдік тәжірибені ескермеу
Шетелде бұқаралық спортты дамыту басымдыққа ие. Мысалы, Нидерланды бұқаралық спортқа екі есе көп қаржы бөледі және олардың спортшылары Олимпиада ойындарында жоғары нәтижелер көрсетеді. Қазақстанда керісінше, спорттың танымал емес және нәтиже бермейтін түрлеріне де қаржы бөлініп жатыр.
Антикор жүйелі реформаларды ұсынып, бұқаралық және балалар спортын қолдау қажеттігін атап өтті.