Желіде дінді күштеп таңуға жаза бар: псевдоимамдар бақылауда

суд
Pixabay

Қазақстанда әлеуметтік желіде дінді күштеп таңатын псевдоимамдар мен басқа да қолданушылар жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды CMN.KZ

Бұл туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді.

Журналистер TikTok және өзге де желілерде адамдарды айыптап, мысалы, «қыздарға орамалсыз жүру харам» деп жария түрде пікір білдіретіндер жазалана ма деген сұрақ қойған.

Вице-министрдің айтуынша, мұндай әрекеттер қазірдің өзінде заң талаптарына қайшы келеді.

«Мұндай әрекеттерде құқықбұзушылық белгілері бар. Олар жауапкершілікке тартылады», – деді Ысқақов.

Оның сөзінше, бұл жағдайлар бірнеше бап бойынша қаралуы мүмкін. Атап айтқанда:

  • жалған ақпарат тарату;
  • әлеуметтік немесе діни алауыздықты қоздыру.

Құзырлы органдар мұндай контентке бақылауды күшейтіп жатқанын атап өтті.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска