Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде жеңімпаз атанды

Жибек Куламбаева
Фото: ФТК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан ITF W15 санатындағы турнирде жұптық сында чемпион атанды, деп хабарлайды CMN.KZ

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, финалда ол ресейлік Екатерина Яшинамен бірге өнер көрсетті.

Қос спортшы Германия өкілі Александра Купарева мен Өзбекстаннан Севиль Юлдашеваны сенімді түрде жеңді. Матч 6:1, 6:4 есебімен аяқталды.

«Жібек Құламбаева үшін бұл – соңғы үш апта ішінде Үндістандағы үшінші жеңісі. Бұған дейін де ол осы елдегі осындай турнирлерде чемпион атанған», – деп хабарлады федерация.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска