Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева алаяқтардың өз даусын қолдана отырып, хабарлама таратып жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ.
Министр Facebook парақшасында соңғы уақытта алаяқтар өз атынан жазбалар таратып, жасанды интеллект арқылы дайындалған дауыстық хабарламалар жіберіп жатқанын айтты.
«Барлықтарыңыздан мұндай хабарламаларға назар аудармауды, бейтаныс нөмірлерді бірден бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтар, артық сенгіштік танытпаңыздар», – деді Аида Балаева.
Министр қазақстандықтарды сақ болуға шақырып, күмәнді әрекеттерге жауап бермеуге кеңес берді.
Айта кетсек, бұған дейін Жетісу облысында өзін банк қызметкері ретінде таныстырған әйел жеті жылға сотталған болатын. Ол екі жыл ішінде 13 адамды алдап, жалпы сомасы 12 млн теңгеден астам шығын келтірген еді.