Жануарларды өлтіргені үшін түрме жазасы енгізілуі мүмкін

Породистая собака играет со своей хозяйкой во время выгула
Фото: freepik

Қазақстанда жануарларға қатыгездік жасағаны үшін жазаны күшейту ұсынылды – тіпті бас бостандығынан айыруға дейін, деп хабарлайды CMN.KZ

Мәжілісте «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін өзгерістер бірінші оқылымда қаралды. Құжаттың мақсаты – адамдардың қауіпсіздігін арттыру және жануарларға гумандық көзқарасты қалыптастыру.

Қаңғыбас жануарларға жаңа тәсіл

Негізгі жаңалықтардың бірі – қаңғыбас иттерді бұрынғыдай қайта көшеге жіберу тәжірибесінен бас тарту.

Енді:

  • жануарлар қайтарымсыз аулауға алынады;
  • оларды ұстау мерзімі кемінде 5 күн болады;
  • иесі табылуы мүмкін жануарлар үшін бұл мерзім 60 күнге дейін ұзартылады.

Мысықтарға қатысты жұмсақ тәсіл сақталуы мүмкін.

Басқа өзгерістер

Ұсынылған түзетулер қатарында:

  • жануарларды уақытша ұстау пункттеріне міндетті түрде орналастыру;
  • қаңғыбас жануарларды бюджет есебінен вакциналаудан бас тарту;
  • әкімдіктердің өкілеттіктерін нақтылау;
  • үй жануарларын міндетті түрде чиптеу енгізу
    бар.

Жаза күшейтіледі

Депутаттар жануарларға қатыгездік, оларды ұстау және серуендету ережелерін бұзу, сондай-ақ дұрыс емес жою фактілері үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді ұсынып отыр.

Бұл нормалар негізгі заң жобасына кірмегенімен, оларды Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерге бөлек енгізу жоспарланып отыр.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, тиісті түзетулер дайындалып, келісу рәсімінен өтуде.

Сондай-ақ, егер жануар адамның денсаулығына зиян келтірсе, оның иесі келтірілген шығынды өтеуге міндеттеледі. Ал ауыр жағдайларда жануарды эвтаназиялау қарастырылуы мүмкін.

Жалпы, заң жобасын талқылау барысында жұмыс тобына 70-тен астам түзету түскен. Құжат бірінші оқылымда мақұлданды.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска