Жантүршігерлік қылмыс: Тоқаев Шымкенттегі қыздың өліміне қатысты пікір білдірді

Нурай Серикбай
Фото: скриншот видео

Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте студент қыз Нурай Серікбайдың қатыгездікпен өлтірілуі, сондай-ақ қыздарды ұрлау фактілері туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды CMN.KZ

Президенттің айтуынша, Ұлттық құрылтай қарсаңында бұл тақырыптар бойынша қазақстандықтардан шамамен 130 өтініш түскен.

«Нурайға күдікті тарапынан қауіп-қатер төнген. Осыған байланысты мен Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокуратура да жеке тексеру жүргізіп жатыр», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы қыздарды ұрлау әрекеттерін жантүршігерлік қылмыс деп атап, азаматтарды қорғау үшін мемлекет барлық қажетті шараны қабылдайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, 21 жастағы Нурай Серікбай 11 қаңтар күні қаза тапқан. Оны бұған дейін аңдып жүрген жігіт 11 рет пышақ жарақатын салған.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска