Жаңа жыл қарсаңында елде қант пен ұн бағасы 0,2%-ға төмендеді, бірақ сиыр еті, ірімшік пен жұмыртқа аздап қымбаттады.

CMN.KZ хабарлауынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке баға индексі өткен аптада 0,1%-ды құрады, бұл соңғы 10 жылдағы ең төмен көрсеткіштердің бірі.

Қай өңірде қандай баға?

  • Қант: орташа бағасы 389 теңге. Ең арзаны Ақтөбеде — 349 тг.
  • Ұн: бірінші сорт ұнының орташа бағасы 223 теңге. Шымкентте 168 тг, ал СҚО-да 150 тг.
  • Күріш: орташа бағасы 446 теңге. Қызылордада ең арзан — 389 тг.
  • Сүт: орташа бағасы 403 теңге. Түркістанда ең арзан — 278 тг.

Сонымен қатар, 2024 жылдың басынан бері өсімдік майы, қант, күріш, гречка және көкөністердің бағасы айтарлықтай төмендегені атап өтілді.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version