World Boxing Organization (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын допинг сынамасының нәтижесіне байланысты бір жылға жарыстардан шеттеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ.
Орта салмақтағы чемпион бір жылға дисквалификацияланғанымен, оның чемпиондық белбеуі өзінде қалды.
Боксшыдан мельдонийге сынама WBA нұсқасы бойынша орта салмақ чемпионы Эрисланди Ларамен жекпе-жек алдында алынған. Жекпе-жек 2025 жылғы 6 желтоқсанға жоспарланған еді. Бірінші және екінші тест те оң нәтиже көрсеткен.
WBO мәліметінше, орта салмақтағы дивизионның белсенділігін сақтау және рейтингтегі үміткерлердің құқықтарын қорғау мақсатында уақытша чемпиондық жекпе-жек өткізуге шешім қабылданған. Онда WBO рейтингіндегі бірінші үміткер Дензел Бентли мен екінші үміткер Эндри Сааведра кездеседі.
Әлімханұлы дисквалификация мерзімі аяқталған соң уақытша чемпионмен жекпе-жек өткізуі тиіс. Аралық кездесу өткізуге тыйым салынған.
Өз кезегінде Жәнібек Әлімханұлы адал өнер көрсеткенін және қолданған қоспалар рационын өзгертпегенін мәлімдеген.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз