Танымал блогерлер Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты ҚР ҚК — нің 214-бабы, 1-бөлігі «Заңсыз банк және микроқаржы қызметі» бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады CMN.KZ
Бұл туралы бүгін 2025 жылы 16 қазан күні Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов брифингте хабарлады.
«Тергеу басталды және жаңа ақпарат пайда болғаннан кейін біз міндетті түрде хабарлаймыз. Іс келесі күні — апелляция қаралғаннан кейін бізге соттан материалдар келіп түскеннен кейін ғана тіркелді», — деді ол.
Блогерлердің ісін ҚР ҚК-нің 214-бабы, 1-бөлігі «Заңсыз кәсіпкерлік» бойынша бастады.
Заң бойынша мұндай қызмет үшін келесі жаза қарастырылған:
- 2000 АЕК дейін айыппұл (шамамен 7,7 млн теңге),
- 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар,
- немесе 2 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру.
Естеріңізге сала кетейік, блогерлер Instagram-да заңсыз лотерея өткізді деп күдіктелуде. Тергеу нұсқасы бойынша, жазылушылар ақшалай сыйлықтар ұтыс ойындарын ұйымдастыру үшін пайдаланған Zhana Business ЖШС-нің «Оқыту курстары» үшін төлем түрімен 30 мың теңгеден аударған.