Жаңа жыл түні Тараз бен Павлодарда есте қалды: мереке түнінде қанша адам құтқарылды

пожар
Фото: МЧС

Жаңа жыл түні Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Соңғы тәулікте олар 210 рет шақыртуға шыққан, оның ішінде 91 өрт тіркелген, деп хабарлайды CMN.KZ

Нәтижесінде 241 адам құтқарылып, эвакуацияланды, олардың 30-ы – балалар.

Жаңа жыл түні Тараз қаласында бірден екі өрт шықты. Алғашқысы бес қабатты тұрғын үйде болып, ғимараттың шатыры жанған. Екіншісі қаладағы мейрамханалардың бірінің жазғы алаңында тіркелді. Сонымен қатар өрт жақын маңда орналасқан жанармай құю бекетіне тарау қаупін тудырған.

Екі жағдайда да 100 адамнан эвакуациялауға тура келді.

Ал Павлодарда бес қабатты үйде болған өрт кезінде ТЖМ қызметкерлері 15 адамды құтқарды.

«Өрт Лермонтов көшесінде орналасқан үйдің үшінші қабатында шықты. Баспалдақ арқылы 15 адам, оның ішінде алты бала эвакуацияланды», – деп хабарлады министрлікте.

Өрт шағын аумақта сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска