Синоптиктер алдағы үш күнге арналған Қазақстан қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды және басты сұраққа жауап берді – Жаңа жыл түні аяз бен қар қай өңірлерге бұйырады. Мәліметті CMN.KZ тілшісі зерделеді.
27 желтоқсаннан бастап ел аумағы арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, дүйсенбіге дейін қоса алғанда елдің шығысында, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде қар жауады деп күтілуде.
Сонымен қатар боран, көктайғақ және желдің күшеюі болжанып отыр.
Оңтүстік өңірлерде де жауын-шашын болады – жаңбыр мен қар түрінде.
Қатты қар бүгін, 27 желтоқсанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында, ал 28 желтоқсанда батыс өңірлерде күтіледі.
Ауа температурасына келсек, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда жылымық байқалады. Түнде бұл өңірлерде ауа температурасы –10…–18 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0…–8 градус шамасында болады.
Шығыс өңірлерде алдағы үш күнде түнде –15…–20 градус, ал күндіз –5…–10 градус болады.
Оңтүстік аймақтарда түнде ауа температурасы 0-ден +5 градусқа дейін, таулы аудандарда –5…–10 градус. Күндіз +5…+15 градус, таулы жерлерде –4-тен +1 градусқа дейін көтеріледі.
Жаңа жыл түні ірі қалалардағы ауа райы
Астанада
31 желтоқсанда – ауыспалы бұлтты, кей уақытта қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Күндіз ауа температурасы –1…–3 градус.
1 қаңтарға қараған түні – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы –5…–7 градус.
1 қаңтар күні – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы –1…–3 градус.
Алматыда
31 желтоқсанда – ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 3–8 м/с. Ауа температурасы +7…+9 градус.
1 қаңтарға қараған түні – аздаған қар жаууы мүмкін, ауа температурасы 0…+2 градус.
1 қаңтар күні – бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс, батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы +3…+5 градус.
Шымкентте
31 желтоқсанда – ауыспалы бұлтты, жаңбыр, кей уақытта қатты. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы +7…+9 градус.
1 қаңтарға қараған түні – ауыспалы бұлтты, қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы –1…–3 градус.
1 қаңтар күні – ауыспалы бұлтты, жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Кей уақытта тұман мен көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы +3…+5 градус.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз