Жаңа жыл түні Қазақстанның перзентханаларында 254 сәби дүниеге келді. Олардың саны жынысы бойынша тең – ұлдар мен қыздар бірдей, деп хабарлайды CMN.KZ
Олардың ішінде бір егіз Ақтөбе облысында тіркелген.
Дәстүрлі түрде ең көп нәресте мына өңірлерде туған:
-
Түркістан облысы – 29 бала;
-
Шымкент қаласы – 24;
-
Астана – 22;
-
Алматы – 21.
Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, «Аналар саулығы» бағдарламасы аясында экстрагениталды патологияны анықтауға, жоспарлы жүктілікке дейін тексеру мен сауықтыруға бағытталған профилактикалық тексерулер мен прегравидарлық дайындық жүргізілуде.
2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай қызметтердің қамтылуы 11%-ға өсіп, 46,5%-ды құрады.
Айта кетейік, елде жүктіліктің 10 аптасына дейін ерте есепке тұрған жүкті әйелдердің саны 25%-ға артқан. Дәрігерлердің айтуынша, бұл әр болашақ анаға жеке тәсіл қолдануға, сапалы босануға дейінгі күтімге, қауіпсіз босануға және босанғаннан кейінгі бақылауға мүмкіндік береді.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз