Жаңа жыл мерекелері кезінде ХҚКО-лар қай күндері жұмыс істейді

Как будут работать ЦОНы в праздники
Фото @cmn.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі елдегі ХҚКО-лардың Жаңа жыл мерекелеріндегі жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды CMN.KZ

2026 жылдың 1 және 2 қаңтарында барлық ХҚКО, соның ішінде мамандандырылған (авто) ХҚКО-лар да азаматтарды қабылдамайды. Сондай-ақ 7 қаңтарда да орталықтар жабық болады.

Кезекші ХҚКО-лар жұмысын 3 қаңтар, сенбі күні бастап, 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

5 және 6 қаңтарда барлық орталықтар қалыпты кесте бойынша09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал кезекші және мамандандырылған ХҚКО-лар:

  • дүйсенбі–жұма күндері: 09:00–20:00;

  • сенбі күні: 09:00–13:00 аралығында жұмыс істейді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска