Жамбыл облысында қарумен жұмыс істеу кезінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты

"Дети в цинковых гробах": солдат-срочник скончался в военном госпитале в Алматы
Фото: пресс-служба Минобороны РК

Жамбыл облысында қарумен жұмыс істеу кезінде мерзімді әскери қызметші өлімге әкелген жарақат алған. Қайғылы жағдайды ҚР Қорғаныс министрлігі растады, деп хабарлайды CMN.KZ

Қаза тапқан сарбаздың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жағдай Қорғаныс министрінің жеке бақылауында. Оның тапсырмасымен оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Комиссияны Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев басқарады.

Қорғаныс министрлігінде тергеу жан-жақты әрі объективті жүргізілетінін атап өтті.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска