Жалған құжаттар мен бюджетке келген миллиондаған шығын: Алматыда СпецЦОН қызметкерлері сотталды

Судебный молоток, суд
Фото: freepik

Алматыда СпецЦОН қызметкерлеріне қатысты резонансты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды CMN.KZ

Арнайы прокурорлар тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдаған. Тергеу барысында 2023 жылы бес қызметкер жүк көліктерін жалған құжаттар арқылы тіркегені анықталған.

Олар көліктердің шығарылған жылын әдейі өзгертіп, жүйеден өткізу үшін жалған мәлімет енгізген.

Осы заңсыз схемалар арқылы 18 жүк көлігі тіркелген. Нәтижесінде мемлекет бюджеті 164 миллион теңгеден қағылған – бұл бастапқы тіркеу үшін төленуі тиіс сома болған.

Тергеушілер барлық дәлелдерді жинап, сараптамалар жүргізіп, заңсыз әрекеттерді толық дәлелдеген. Іс барысында айыпталушылар мемлекетке келтірілген шығынды толық өтеген.

Сот істі қарап, барлық айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларға әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска