Қазақстанда Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеу мен насихаттауға арналған ауқымды жоспар бекітілді, деп хабарлайды CMN.KZ
Үкімет 2026–2028 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын қабылдады. Бұған дейін мұндай тапсырманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде берген болатын.
Құжатқа премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған.
37 жоба және 5 бағыт
Жоспар аясында 37 іс-шара жүзеге асырылады. Олар:
- құқықтық және институционалдық базаны жетілдіру;
- ғылыми-зерттеу және білім беру жұмыстары;
- мәдени-ағартушылық жобалар;
- ақпараттық және халықаралық бастамалар;
- реставрациялық жұмыстарды қамтиды.
Жастарға басымдық беріледі
Үкімет мәліметінше, жастармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Түркістанда:
- «Ясауитану» республикалық байқауы өткізіледі;
- музей жанынан оқушыларға арналған арнайы клуб ашылады.
Мұра әлем бойынша зерттеледі
Жоспардың маңызды бөлігі – Ясауи мұрасын ел ішіндегі ғана емес, шетелдегі ғылыми орталықтар мен архивтерден іздеу.
Сонымен қатар:
- оның еңбектері мен ғылыми зерттеулерін басып шығару;
- архивтік құжаттардың бірыңғай каталогын жасау
қарастырылған.
Туризм мен халықаралық деңгей
Ясауи мұрасын кеңінен таныту үшін:
- туристік гидтер, бейнероликтер мен аудиогидтер жаңартылады;
- шетелдік туристерге арналған жаңа маршруттар әзірленеді;
- кесенеде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіледі.
Сондай-ақ табылған жазбаларды ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасына енгізу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Ясауи жылы немесе арнайы мәдени күндер жариялау мүмкіндігі де қарастырылуда.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз