2024 жылдың наурыз айында шекара қызметінің №28-74 бөлімшесінің подполковнигі Нұрқадам Керімқұловтың 14 жасар баламен жазысқан әдепсіз хаттары әлеуметтік желілерде таралып, елді дүрліктірді. Оқиға сол сәтте-ақ Жетісу аудандық полиция басқармасының назарына ілігіп, күдікті дереу қолға түсті. Кәмелетке толмаған баланың жыныстық тұтастығына қол сұғу айыбы тағылып, тергеу амалдары басталды.
Осы шулы іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Алматы қалалық полиция департаменті бұл жағдайды бақылауға алып, тергеуді ҚР ІІМ Оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасына тапсырды. CMN.KZ тілшісі сұрау салып, тергеу нәтижелерін анықтады.
«Арнайы мамандандырылған ауданаралық әскери соттың үкімімен Нұрқадам Керімқұлов 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыптау ҚР ҚК 122-бабының 1,2-тармағы, 124-бабының 3-тармағы және 118-бабының 1-тармағы бойынша қойылды»
Қылмыстық кодекстің баптары:
- ҚР ҚК 122-бабы – кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түсу немесе басқа да сексуалды сипаттағы әрекеттер жасау, не жезөкшелік қызметті алу. Жаза мерзімі 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
- ҚР ҚК 124-бабы – кәмелетке толмағандарға қатысты азғындық әрекеттер. Мұндай қылмыс үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
- ҚР ҚК 118-бабы – ВИЧ инфекциясын әдейі жұқтыру қаупіне тігілу. Бұл бап бойынша жаза 200 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 15 тәулікке дейін қамау.