Солтүстік Қазақстандағы Явленка ауылында қаралы күн туды. 2024 жылдың 11 қарашасында ауылдағы бір үйден түтін шығып, өрт сөндірушілер 53 жастағы әйелдің күйіп қалған денесін тапты.

CMN.KZ хабарлағандай, өрттің артында жасырылған сұмдық қылмыс жатты.

Тергеу нәтижесінде марқұмның өрттен бұрын қайтыс болғаны анықталды. 30 жастағы ұлы — Ресей азаматы — анасының өліміне күдікті ретінде ұсталды. Болжам бойынша, психикалық ауытқуы бар азамат анасын аяусыз сабап, ол алған жарақаттарынан көз жұмған соң, қылмыстың ізін жасыру үшін үйді өртеп жіберген.

Еске салсақ, Тараз қаласындағы жалдамалы пәтерде екі әйелдің денесі табылып, Жамбыл облысында қос кісі өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version