Украина Қауіпсіздік қызметі (СБУ) қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы оның адвокаты Евгений Пронин мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ PRONIN телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Прониннің айтуынша, СБУ Сабыровтың ықтимал құқық бұзушылығы туралы мәліметтерді Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіп, тергеуді бастаған. Іс Украина Қылмыстық кодексінің 111-2-бабы 1-бөлігі («Агрессор мемлекетке жәрдемдесу») бойынша қаралуда.
Адвокаттың нақтылауынша, тергеу аясында Сабыровтың Ресейдің қарулы құрылымдарына материалдық ресурстарды дайындауы және беруі мүмкін деген жайт тексеріліп жатыр. Бұл мән-жайлар ресми тергеу барысында анықталуы тиіс.
Сонымен қатар Пронин Интерпол жүйесіне кіретін 196 ел комик үшін не жүріп-тұруға қолжетімсіз аумаққа айналуы, не оны ұстап, Украинаға экстрадициялау орны болуы мүмкін екенін айтты.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз