Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов 2026 жылға арналған негізгі заңнамалық басымдықтарды атап өтті, деп хабарлайды CMN.KZ
Оның айтуынша, келесі жылы Үкімет экономикаға, әлеуметтік салаға және стратегиялық салаларға қатысты заңдарды қабылдауға басымдық береді.
«Басым бағыттардың қатарында – мемлекеттік мүлікті басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бар. Мемлекеттің экономикаға қатысу шекарасын және мұндай басқаруға қойылатын талаптарды нақты айқындау маңызды. Сондай-ақ біз еңбеккерлердің құқықтарын қорғауды күшейту және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту бағытындағы жұмысты жалғастырамыз. Заңнамалық бастамалардың жеке блогы мұнай-газ-химия өнеркәсібін кешенді дамытуға бағытталады», – деді Үкімет басшысы.
Жалпы, 2026 жылы 12 заң жобасын әзірлеу жоспарланып отыр.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз