Түркістан облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті авиаотынды бөлшек саудада сату нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді, деп хабарлайды CMN.KZ.
Тексеру барысында мамандар ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 4) тармақшасының бұзылу белгілерін анықтаған. Соның негізінде «Халықаралық Түркістан әуежайы» АҚ-қа қатысты тергеп-тексеру басталды.
Анықталғандай, әуежай нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада сатумен айналысқан кәсіпкерден әуежай аумағында өнім өткізу құқығы үшін алым алған.
Істі Түркістан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты қарап, «Халықаралық Түркістан әуежайы» АҚ-ты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды.
Айыппұл сомасы 14,3 млн теңгені құрады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз