Тұрғын үй иелеріне техпаспортты кадастрлық паспортқа ауыстыру қажет пе?

ипотека
ипотека

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстандағы барлық жылжымайтын мүлік иелері тұрғын үйдің техникалық паспортын міндетті түрде ауыстыруы тиіс деген ақпарат тараған еді, деп хабарлайды CMN.KZ.

Алайда Tengrinews.kz редакциясына берген Әділет министрлігінің жауабына сәйкес, жағдай бұлай емес.

Олар түсіндіргендей, «техникалық паспорт» ұғымы заңнамада шынымен қолданылмайды. Бұл мемлекеттік қызметтерді цифрландыру аясында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңға енгізілген өзгерістерге байланысты.

«Техникалық паспорттың орнына енді "жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты" термині қолданылады. Бұл – объектінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамаларын, сондай-ақ жер учаскесі туралы мәліметтерді қамтитын сәйкестендіру құжаты», – деп түсіндірді министрлік.

Министрлік өкілдері құжаттарды жаппай ауыстырудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

«Кадастрлық паспорт жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық немесе сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда рәсімделеді. Мысалы, қайта жаңғырту, қайта жоспарлау немесе қайта жабдықтау жүргізілгеннен кейін. Сонымен қатар меншік иесі деректерді нақтылау немесе жаңарту үшін кадастрлық паспортты өз қалауы бойынша да рәсімдей алады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ егер жылжымайтын мүліктің нақты сипаттамалары мен құжаттардағы мәліметтер арасында сәйкессіздік анықталса, меншік иесі мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу туралы өтініш бере алады. Тексеру нәтижесінде анықталған өзгерістерді көрсете отырып, кадастрлық паспорт рәсімделеді.

Бұдан бөлек, меншік иесі ауысқан кезде кадастрлық паспортты қайта рәсімдеу талап етілмейді. Құжат жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитындықтан, өзінің заңды күшін сақтайды.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска