Түркістан облысындағы тас жолда полиция көлігі аударылып құлады

Түркістан облысындағы тас жолда полиция көлігі аударылып құлады
Бейнебаянынан жасалған скриншот

Түркістан облысындағы Темірлан – Шұбар тас жолында полиция көлігінің қатысуымен ЖКО орын алды, деп хабарлайды CMN.KZ

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдын ала мәліметтер бойынша, автокөліктің дөңгелегі жарылып, нәтижесінде көлік аударылып кеткен. Көлікті қызметтік міндеттерін атқарған учаскелік инспектор жүргізді.

Түрлі жарақаттары бар полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. ЖКО-ның басқа қатысушылары жоқ.

Оқиға фактісі бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.

Бұған дейін Қарағанды полиция басқармасы бастығының орынбасары ЖКО-да қаза тапты.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска