Трамп Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесіне шақырды

Встреча Токаева и Трампа: о чём говорили президенты
Фото: Акорда

Бұл ақпаратты CMN.KZ редакциясына Қазақстан президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай растады

Ақ үй бұған дейін мәлімдегендей, аталған кеңес Газа аймағындағы бейбіт дамуға қатысты стратегиялық бақылауға, халықаралық ресурстарды жұмылдыруға және қабылданған міндеттемелердің орындалуын қадағалауға жауапты болады.

«Бірқатар мемлекет басшыларының мәлімдемелерінен кейін президент Дональд Трамптан осындай ресми шақырту алынғанын жасыру дұрыс болмас еді», – деді Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шақыртуды әлемдік көшбасшылардың ішінде алғашқылардың бірі болып алғанын атап өтті. Қазақстан аталған бастаманы құрушы мемлекеттердің қатарына енеді. Белгілі болғандай, президент америкалық көшбасшыға қатысуға келісім білдірген хатты жолдаған.

Еске салайық, Ақ үйдің хабарлауынша, жаңа халықаралық құрылымның құрылтайшы атқарушы кеңесіне дипломатия, девелопмент, инфрақұрылым және экономикалық стратегия саласында тәжірибесі бар жеті көшбасшы кіреді.

Олардың әрқайсысы Газа аймағын тұрақтандыру үшін «аса маңызды» жеке бағыттарға жауапты болады.

Айта кетейік, Дональд Трамптың Бейбітшілік кеңесіне шақыртуын Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Мысыр басшысы Абдул-Фаттах ас-Сиси де алған.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска