Тоқаев Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заңға қол қойды

Тоқаев Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заңға қол қойды
Сурет: Ақбота Сіләм

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды CMN.KZ

Ақорданың баспасөз қызметі бұл құжат қаланың рухани, тарихи-мәдени, туристік орталық және елдің сәулеттік мұрасы ретіндегі ерекше мәртебесін бекітетінін түсіндірді.

Құжатта:

  • тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
  • археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
  • тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
  • қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
  • археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
  • мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
  • қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
  • тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
  • мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
  • туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін Қазақстанда «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» жаңа заң пайда болатыны белгілі болды. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев брифингте айтты.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска