Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловқа 12 күн берді, деп хабарлайды CMN.KZ
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 10 қарашасында бірнеше әйел Астанада Үкімет үйінің жанында митингке шықты. Олар армия қызметін реформалауды талап етті.
«Президент қаза тапқан әскери қызметшілердің аналарының өтініштерін қарауды, істерді тергеу мен қарау кезінде заңдылықтың сақталуын бағалауды тапсырды», – деді 10 қарашада кешке мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Бұған дейін қазақстандықтардың 66,9%-ы әскер елді қорғай алады деп сенетіні белгілі болды, алайда 37,8%-ы жарғылық емес қатынастардың жоғары деңгейін, 34,9%‑ы сыбайлас жемқорлықты, ал 30,9%-ы әскери материалдық-техникалық базаның ескіргенін атап өтті.
