Тоқаев ОПЕК Бас хатшысын қабылдады

Тоқаев ОПЕК Бас хатшысын қабылдады
Сурет: freepik.com

Хайтам Әл-Гаис Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен әлемдік мұнай нарығындағы ахуалды және ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды CMN.KZ

Президент ОПЕК-тің жаһандық мұнай нарығының тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Хайтам әл-Гаистың сапарын еліміз бен ұйым арасындағы конструктивті диалогты дамытуда маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Тоқаев Қазақстан ОПЕК+ - тің ұлттық мүдделерді қорғаудың басымдылығын ескере отырып, мұнай өндіру көлемін біртіндеп ұлғайту туралы шешімін қолдайтынын атап өтті.

Сурет: Ақорда

Сондай-ақ, сұхбаттасушылар өңірдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған бірлескен шараларды талқылады. Мұнай өндіруші елдер мен көмірсутектерді импорттайтын мемлекеттер арасындағы мүдделер теңгерімін қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска