Тоқаев Грузия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Грузия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Сурет: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай Михаил Кавелашвилиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды CMN.KZ

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Грузияның демократиялық институттарды нығайту, экономиканы жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын көтеру ісінде айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Грузия халқына бақ-береке тіледі", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Чердабаев пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановқа марапаттар табыс еткен болатын.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска