Тоқаевқа Иран президентінен екі жеделхат келді

Иран и Казахстан
Фото: сенат

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Иран президенті Масуд Пезешкианнан екі жеделхат келді, деп хабарлайды CMN.KZ

Иран басшысы қазақстандық көшбасшыны Ораза айт және Наурыз мерекелерімен құттықтаған.

Жеделхаттарында Пезешкиан бұл мейрамдардың мейірімділік пен игілікке толы екенін атап өтіп, олардың мұсылман елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, өзара түсіністікті арттыруға ықпал ететініне сенім білдірген.

«Жауап ретінде мемлекет басшысы бауырлас халықтардың бірлігінің нығаюына және Таяу Шығыста тұрақтылықтың орнауына тілектестік білдірді», – делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ Тоқаев Ораза айт пен Наурызға тән жаңару рухы Иран халқына бейбітшілік пен өркендеу әкеледі деген үмітін жеткізді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска