Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның негізгі мақсаты туралы айтты, деп хабарлайды CMN.KZ
Бұл туралы мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистерге арналған брифингте мәлімдеді.
БАҚ өкілдері Тоқаевтан жаңа Конституция жобасын қысқаша, екі-үш сөзбен сипаттап беруді сұраған.
«Бұл – болашаққа бағытталған Конституция. Бұл Негізгі заң ең алдымен жастарға арналған. Ол жастар үшін бағдар, жол көрсетуші құжат болуы тиіс. Жаңа Конституцияның басты мақсаты – осы», – деді президент.
Мемлекет басшысы Қазақстанның прогрессивті әрі заманауи мемлекет болуы қажет екенін де атап өтті. Оның айтуынша, бұл – ел үшін өте маңызды мақсат.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз