Тоқаев Питер Фостермен АҚШ-қа тікелей рейстерді талқылады

Касым-Жомарт Токаев, Питер Фостер
Фото: Акорда

23 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Air Astana компаниясының бас директоры Питер Фостер кездесті, деп хабарлайды CMN.KZ.

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы Питер Фостердің Air Astana-ны Еуразиядағы жетекші әуе тасымалдаушылардың біріне айналдырудағы еңбегін атап өтті.

Айта кетейік, шамамен бір айдан кейін Фостер қызметінен кетуі тиіс.

Кездесу барысында тараптар Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейстерін ашу мәселесін және мұндай бағыттарды орындауға қабілетті әуе кемелерін сатып алу жоспарын талқылады.

Тікелей рейстер іске қосылған жағдайда, бұл Қазақстан мен АҚШ арасындағы іскерлік және туристік байланыстарды нығайтуға ықпал етуі мүмкін.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска