Тоқаев пен Владимир Путин Жаңа жыл қарсаңында телефон арқылы сөйлесті

Токаев и Путин
Фото: Ақорда

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ Украинадағы жағдайды талқылады, деп хабарлайды CMN.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің телефон арқылы әңгімесі 30 желтоқсан күні күндіз өтті. Ақорданың мәліметінше, президенттер екіжақты ынтымақтастықтың дамуын сөз етті.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті Украинадағы қақтығысқа қатысты келіссөздер процесінде байқалған ілгерілеуді құптайтынын жеткізді.

«Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Президентінің мемлекеттік резиденциясына жасалған шабуыл әрекетін айыптап, мұндай іс-әрекеттердің бейбіт процесті ілгерілетуге және қақтығысты саяси жолмен шешуге ықпал етпейтінін атап өтті», – деп хабарлайды Ақорда.

Бұдан бөлек, президенттер бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Айта кетейік, Владимир Путиннің Новгород облысындағы резиденциясына шабуыл жасау әрекеті туралы бір күн бұрын Ресейдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген. Ал Украина тарапы резиденцияға соққы жасалғанын жоққа шығарды.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска