Бұл жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке тапсырылды, деп хабарлайды CMN.KZ
Маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейту туралы тапсырманы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің Telegram-арнасында жариялады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-қа және ұлттық компанияларға, сондай-ақ өңір әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды. Оның ішінде әуежайлар, теңіз және өзен порттары бар», – деп жазды Смадияров.
Бұған дейін президент Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырған болатын. Үкіметте Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен арнайы мониторингтік топ құрылды.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз