Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтап, оның рухани маңызын атап өтті, деп хабарлайды CMN.KZ
Мемлекет басшысы бұл мейрам тазалықты, мейірімділікті, өзара құрмет пен жақсылыққа ұмтылысты білдіретінін айтты.
«Ораза ұстаған мұсылмандар отыз күн бойы рухын шыңдап, айналасымен қуаныш бөлісіп, мұқтаж жандарға көмектеседі», – делінген құттықтауда.
Президенттің айтуынша, бұл құндылықтар исламның мәнін көрсетіп, қоғамдағы гуманистік идеалдардың нығаюына ықпал етеді.
Сонымен қатар Тоқаев биыл Ораза айттың Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келуінің ерекше мәні бар екенін атап өтті.
«Қазақстан халқы Жаңа Конституцияны қабылдап, Әділет пен Прогресс жолын таңдады. Бұл – мемлекет тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы», – деді ол.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз