Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Australian Open турниріндегі жеңісімен құттықтап, бұл жетістікті кезекті ірі спорттық табыс деп атады, деп хабарлайды CMN.KZ
«Сізді кезекті жарқын спорттық жетістігіңіз – Австралия ашық чемпионатындағы тамаша жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз тағы да мінсіз техникаңыз бен жеңіске деген жігеріңізді айқын көрсеттіңіз, әлемдік теннис қауымдастығын тәнті еткен нәтиже көрсеттіңіз», – деді Мемлекет басшысы.
Президент Рыбакинаға алдағы уақытта ең беделді турнирлерде жаңа жеңістер тіледі.
Бұған дейін Елена Рыбакина қазақстандықтарға және өз командасына алғыс білдірген болатын. Сондай-ақ ол Беларусьтен шыққан көпжылдық қарсыласы Арина Соболенканы да жылы сөзбен қолдады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз