Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды CMN.KZ
Тиісті жарлыққа 25 наурыз күні қол қойылған.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Досаев Ерболат Асқарбекұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салайық, Ерболат Досаев бұл қызметке 2025 жылғы 19 қыркүйекте тағайындалған еді.
Бұған дейін ол Алматы қаласының әкімі болған. 2025 жылғы 24 мамырда президент оны осы қызметтен босатып, орнына бұрын Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған Дархан Сатыбалды тағайындалған.
Сонымен қатар 2025 жылдың желтоқсан айының соңында Досаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінің құрамына кірген болатын.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз