2024 жылдың 4 қазанында Сидней қаласында Қазақстанның мақтанышы Жәнібек Әлімханұлы мен Жаңа Зеландиядан келген Андрей Михайлович арасында үлкен жекпе-жек өтті, деп хабарлайды CMN.KZ.

Алғашқы раундта Әлімханұлы қарсыласын барлап, екінші раундта-ақ нокаутқа жібере жаздады. Дегенмен, гонг оны тоқтатып үлгерді.

Михайлович барынша қарсылық көрсеткенімен, Жәнібек әр соққысымен үстемдігін арттыра түсті. Сегіз раунд бойы шыдаған Андрей, ақыры тоғызыншы раундта тағы бір мәрте нокаутқа түсіп, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Жәнібек IBF чемпионы титулын қорғап, өзінің 16-шы жеңісіне қол жеткізді. Бұл жеңіс жанкүйерлерге мақтаныш сыйлады. Алайда, жекпе-жектің басында Қазақстанның ескі әнұраны қойылғаны Жәнібек пен оның командасының көңіліне қаяу түсірді.

Еске сала кетсек, бұл кездесу жазда Лас-Вегаста өтуі тиіс еді, бірақ Әлімханұлы салмақ қуып, ауруханаға түскен еді.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version