Бұл туралы бүгін, 31 қаңтарда Энергетика министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ
Оперативтік штабтың мәліметінше, ГЗУ-52 бірінші ұңғымасы сағат 03:35-те ашылған. Технологиялық қондырғылар іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
«Қазіргі таңда бес ұңғыма жұмысқа қосылды. “Теңізшевройл” компаниясының техникалық қызметтері келесі топтық өлшеу қондырғысын – ГЗУ-53-ті іске қосуға дайындық жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.
Мұнай өндіру көлемін арттыру жүйе параметрлері тұрақтанған сайын және өндірістік процестердің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
26 қаңтарда бұрыннан жұмыс істеп тұрған Король кен орнынан жеткізілетін шикізат есебінен Екінші буын зауыты сәтті іске қосылған.
ҚР Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК« АҚ жобаның операторына жоспарлы қуаттарға шығу мерзімін қысқарту үшін жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру мақсатында өндірістік нысандарда Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жұмыс істеуде.
Жағдай тұрақты бақылауда, негізгі басымдық – өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қатаң талаптарын сақтау.»
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз