Telegram платформасы бейнеқызметке жол ашты. Мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров өз арнасында Telegram-ның жаңа мүмкіндіктері туралы айтып өтті, деп хабарлайды CMN.KZ.
Дуровтың айтуынша, бұрын Telegram-да бейнелер жүктелген сапада ғана көрінетін, бұл пайдаланушыларға қысқа ролик көру үшін гигабайттаған дерек жүктеуді талап ететін. Енді жаңа жаңартудан кейін Telegram серверлері бейнелерді бірнеше сапаға сығымдап, ағынды көруге ыңғайлы етіп ұсынады.
«Енді бейнелерді көру кезінде қосымша интернет жылдамдығына сай сапаны автоматты түрде таңдайды, бұл қолданушылар үшін Telegram-дағы бейне көруді әлдеқайда ыңғайлы етті», — деп атап өтті Дуров.
Жаңартудан кейін Telegram-да жаңа мүмкіндіктер қосылды: жүктеудің жылдамырақ болуы, сапаның жақсаруы, бейне көрінісін жылдам реттеу мүмкіндігі, соңғы өңдеу уақытының белгіленуі, мультимедианы бекіту, шағын қосымшалар үшін кеңейтілген шектер және монетизацияның жаңа жолдары.
Бұдан бөлек, Қазақстанда Telegram кеңсесінің ашылатыны мәлім болды. Цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтің түсіндіруінше, енді Қазақстанда Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформаларда өкілдік болуы тиіс.