Таяу Шығыс елдерінен 10 мыңнан астам қазақстандық елге қайтарылды

эйр астана
Фото: Air Astana

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуынан бері Қазақстанға аймақ елдерінен 61 рейс орындалды, деп хабарлайды CMN.KZ

Көлік министрлігінің мәліметінше, осы уақыт ішінде 10 033 қазақстандық елге қайтарылған.

«Дубай, Шарджа, Жидда, Медина және Маскат қалаларынан рейстерді Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары орындайды. Қазақстан азаматтары Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларына жеткізіліп жатыр», – деп хабарлады.

Қазіргі уақытта қазақстандықтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска