Астанадағы №32 гимназияның тарих пәнінің 43 жастағы мұғалімі жетінші сынып оқушысын азғырды деп айыпталуда. Бұл ақпаратты Астана қаласы полиция департаменті растады, деп хабарлайды CMN.kz.

Әлеуметтік желілерде таратылған мәліметтерге сәйкес, мұғалім қыздарды сабақтан кейін қалдырып, оларға түнгі 21:00-ден кейін WhatsApp арқылы хабарлама жіберіп отырған. Ата-аналар бұл мұғалімнің бірінші рет емес, бірнеше рет осындай әрекеттерге барғанын анықтады.

«Мектеп директоры бұл оқиғаны естіп, ұстазды өз еркімен жұмыстан шығуға рұқсат берген, бұл әрекетті мектептің беделін қорғау және дау-дамайдан аулақ болу үшін жасады деп күдіктенеміз», — делінген хабарламада.

Ата-аналар мұғалімнің басқа мектепке жұмысқа орналасып, оқушы қыздарға қатысты осындай әрекеттерін жалғастыруынан алаңдаулы. Олар мұғалімді заң бойынша қызметінен босатуды және қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде.

Астана қаласы полиция департаменті аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және тергеу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version