Astana LRT-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан, 2023 жылдың қарашасында тоғыз жылға сотталған соң, апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды CMN.KZ.
Алайда, 25 желтоқсанда Астана сотының апелляциялық алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
«Кінәсі куәгерлердің айғақтары, сараптама қорытындылары мен өзге де дәлелдермен толық расталды,» – деді сот өкілдері.
Бұл Арданға қатысты екінші үкім: 2023 жылы ол бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін жеті жылға сотталған еді. Екі үкім біріктіріліп, оған жалпы 85 млрд теңгені City Transportation Systems-ке қайтару міндеттелді.
Іс материалдарына сүйенсек, 2016 жылы Ардан Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкінен 257,6 млн доллар транш сұратып, оны мақсатты пайдаланбаған. Нәтижесінде City Transportation Systems-ке 85 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.
Талғат Ардан қазір қашып жүр. Жазасы толық заңды күшіне енді.