Талғарда жылқыға бола қанды қылмыс: ер адамға 30-дан астам пышақ жарақаты салынды

Нож в руке
Фото: freepik

Талғарда ер адамды аса қатыгездікпен өлтіру дерегі тіркелді – оған 30-дан астам пышақ жарақаты салынған, деп хабарлайды CMN.KZ

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, іс бойынша басты күдіктілер – марқұмның әйелі мен оның анасы.

Біздің дереккөздің айтуынша, ер адамның әйелі жылқыларды сатып жіберген. Мұны білген күйеуі полицияға арыз жазып, мал ұрлығы туралы хабарлаған.

Шаршаған ер адам үйіне келіп, ұйықтап қалған. Күйеу баласының арыз жазғанын білген енесі ашуға мініп, олардың үйіне келген. Ол пышақ алып, ұйықтап жатқан ер адамға соққы жасай бастаған.

«Полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеушілер қылмыстық іс қозғап, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Алматы облыстық ПД.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска