Талдықорғанда сұйытылған газ тиелген екі вагон рельстен шықты: қазіргі жағдай қандай

Пенсию – в вагоны: «дочка» КТЖ продала компании Кулибаева 4500 цистерн для нефти
Фото: КТЖ

Оқиға 31 қаңтар күні кешке Талдықорған қаласындағы жеке меншік теміржол тұйығында болған, деп хабарлайды CMN.KZ

Ақпаратты «Қазақстан темір жолы» ҰК« АҚ растады. Бес жүк тиелген вагонның екеуі қауіпсіздік жолының тұйық призмасына соғылып, бір қырына аударылған.

"Зардап шеккендер жоқ. Жүктің ағуы тіркелген жоқ. Оқиға орнында ТЖД күштері жұмыс істеуде. 1 ақпан түн ортасынан бастап Талдықорған – Қарабұлақ аралығы қозғалыс үшін жабылды. № 3604 пойызы кідіртілді. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр", – делінген ҚТЖ хабарламасында.

Аталған учаске жеке меншікке тиесілі болғандықтан, ол »ҚТЖ« ҰК» АҚ жауапкершілік аймағына кірмейді. Оқиғаның себептерін арнайы комиссия анықтайтын болады.

Жетісу облысы әкімдігінің мәліметінше, цистерналарда сұйытылған газ болған. Қазіргі уақытта оны қауіпсіз әдіспен шығару жоспарланып отыр.

Апатты қалпына келтіру жұмыстары бүгін, 1 ақпан күні сағат 18:00-ге дейін толық аяқталады деп күтілуде.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска