Талдықорғанда өрт шықты: сегіз адам құтқарылды, олардың жетеуі – балалар

Крупный пожар потушили ночью в Алматы
Фото: МЧС

Талдықорған қаласындағы Қаратал шағынауданында бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды CMN.KZ. Өрт бірінші қабаттағы пәтерде тұтанып, соның салдарынан подъезд түтінге толған.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Арнайы автосатының көмегімен жоғарғы қабаттардан сегіз адам құтқарылды, олардың жетеуі – балалар. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қауіпсіздік мақсатында эвакуацияланғандардың барлығы Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска