СҚО-да қайтарылған активтердің 45 млрд-қа су құбыры салынады

СҚО-да қайтарылған активтердің 45 млрд-қа су құбыры салынады
Сурет: pixabay

Арнаулы мемлекеттік қордан Солтүстік Қазақстан облысының ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры инфрақұрылымын дамытуға 45 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды CMN.KZ

Үкіметтің хабарлауынша, бұл қаражатқа өңірді сумен жабдықтауды жақсартуға бағытталған 48 жоба іске асырылуда.

"Олардың қатарында Соколов, Булаев және Преснов топтық су құбырларын реконструкциялау, сондай-ақ Айыртау және Шал ақын аудандарындағы ауылдарда Көкшетау топтық су құбырына қосылатын жаңа су құбырлары мен су тарту тармақтарын салу жобалары бар", – делінген хабарламада.

Үкімет өңірдің ауылдарындағы барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтуды қамтамасыз ететініне сендірді.

Қазіргі таңда еліміздегі ең ұзын топтық су құбырлары Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Олардың жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асады. Осы құбырлар арқылы 175 мыңнан астам тұрғыны бар 229 ауыл ауыз сумен қамтылып отыр. Петропавл қаласының тұрғындары 100%, ал ауылдардағы халық 97,5% сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізген.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска