Экс-депутаттың ұлына қатысты қылмыстық іс Алматы сотының қарауына келіп түсті. Ер адам ерекше қатыгездікпен кісіні өлтіріп, танысының қатысуымен интимдік сипаттағы бейнематериалдарды тарату үшін айыпталуда, деп хабарлайды CMN.KZ
Қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, 45 жасар ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылған:
- 99-баптың 2-бөлігі 5 тармағы: «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру»;
- 147-баптың 5-бөлігі: «Адамның жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз тарату».
«Бірінші эпизод бойынша сотталушы 2024 жылдың наурызында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін өлтірді деп айыпталып отыр», — хабарламада деп жазылады.
Сонымен қатар, сотталушы әлеуметтік желілер арқылы танысының қатысуымен түсірілген порнографиялық бейнематериалдарды таратқан үшін жауапқа тартылып отыр. Сот отырысының нақты уақыты әлі белгіленген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінде қатыгездікпен өлтіру оқиғасы 29 наурызда болған. Күдікті бірнеше рет күзетшіні көлігімен қағып, кейін соққыға жыққан. Дене жарақаттарынан 42 жастар күзетші Нурбол Қайыпбаев ауруханада көз жұмды.
CMN.KZ редакциясының тілшісі сол кеште күзетші күдіктінің ата-анасының өтінішімен ашулы ер адамды тұрғын үй кешенінің ауласынан шығармағанын анықтады. ТК тұрғындарының айтуынша, бейнебаяндағы ер адам бұрынғы депутат және прокуратур Асқар Тастандиевтің ұлы.
Полиция наурыз айында өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, 45 жастағы күдіктінің уақытша ұстау изоляторында екенін мәлімдеген. Кейін күдіктіні психиатриялық емдеу мекемесіне жатқызды.