2022 жылдың жазында Ресейде тыйым салынған әртістер тізімі туралы алғашқы мәліметтер шыққанымен, ресми билік оның бар екенін мойындамаған еді, деп хабарлайды CMN.KZ.

Жуырда «Вёрстка» басылымы жаңартылған қара тізімді жариялап, оған қазақстандық музыканттар Скриптонит пен Jah Khalib те енгенін мәлімдеді.

Тізімде соғысқа қарсы шыққандар мен Путинді қолдаушылар қатарынан 79 әртіс бар. Мұндай тізімнің болуын Кремль жоққа шығарып отыр. Дегенмен, ресми шаралар мен концерт ұйымдастырушылары бұл тізімді назарда ұстап, тыйым салынған әртістермен жұмыс жасаудан бас тартып жатыр.

Скриптонит пен Jah Khalib бұған дейін де Қазақстанда сынға ұшыраған. 2024 жылы Скриптонит әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қорғауға қатысты заң жобасына пікір білдіріп, сынға қалған еді. Кейін ол өз көзқарасын өзгертті. Ал Jah Khalib әйелдерге қатысты даулы пікір айтып, қазақстандық қоғамда оның әндерін бойкоттау туралы ұсыныстарға себеп болды.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version